Астана қаласының Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Ол сот отырысында соңғы сөзін айтып, өз кінәсін толықтай мойындамайтынын жеткізді.
«Барлығы ойдан шығарылған, ешқандай нақты дәлел жоқ. Өзімді кінәлі деп есептемеймін. Сонымен қатар, сотта менің кінәсіздігім толық дәлелденді. Бірақ мен сынбаймын, өз шындығымды соңына дейін дәлелдеймін, өйткені мен балаларыма қажетпін. Маған тағылған айыптардың бәрі негізсіз. Іс материалдарында менің шотыма ақша аударылғаны немесе менің тарапымнан заңсыз баю фактісі анықталған жоқ. Банктердегі барлық шот тексерілді, заңсыз алынған мүлік табылмады», — деді Мажағұлов өз сөзінде.
Сот үкімі бүгін сағат 15:00-де шығарылады.
Мемлекеттік айыптаушы Болат Мажағұловтың 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Айта кетейік, Астанадағы субұрқаққа қатысты сот 2024 жылдың желтоқсанында басталды. Ол сол жылы қыркүйек айында Астанада ұсталған болатын.