Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа және медианалық жалақыны жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Бюро мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған.
Айта кетейік, 2024 жылы III тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 269 378 теңге, ал орташа жалақы 390 328 теңге болды.
2023 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда жалақы 10,5 пайызға, инфляцияны ескере отырып 1,8 пайызға өсті.
Орташа жалақының өсуі жалақы қоры ұлғаюымен, жылдық бонустармен, мерекелік сыйақылармен байланысты.
Бір жылдағы жалақының ең жоғары өсімі мына салаларда тіркелді:
- Ақпарат және байланыс — +32,8 пайыз;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы — +22,7 пайыз;
- Жылжымайтын мүлік операциялары — +20,3 пайыз.
Өңірлер арасында 2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 2024 жылғы IV тоқсанда орташа айлық жалақының ең көп өсімі мына өңірлерде тіркелді:
- Алматы мен Шымкентте 13,6 пайызға өсті,
- Қарағанды облысында 13,2 пайызға,
- Солтүстік Қазақстан облысында 12,9 пайызға,
- Ақтөбе облысында 12,6 пайызға.