Жамбыл облысында 2003 жылғы полицей өз-өзіне қол жұмсаған. Аймақтың Полиция департаменті ақпаратты растады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Оқиға 12 ақпанда кешке Жасөркен кентінде болған. Мәліметке сүйенсек, 2003 жылы туған полиция қызметкері табельдік қарудан басына оқ атқан. Полиция департаменті бұл дерек бойынша «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
«Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін де Жамбыл облысында жол апатынан полицей қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға 11 ақпанда сағат 19:40-та Алматы-Ташкент тасжолының 203-шақырымында болған.
Volkswagen Passat маркалы көліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпанда аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.