ШҚО прокурорлары мұғалімдердің іс-сапар шығынын өтеткізді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
ШҚО Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасы сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іс-сапар шығыны төленбегенін анықтады.
«171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іс-сапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты», — деп жазылған хабарламада.
Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іс-сапар шығыны төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де тіркелген.
Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстазға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.