Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгін кенді шаһарда қала көшелерін, аулаларды және қоғамдық орындарды тазарту, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау, су арналары мен арықтарды тазалау, шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстары атқарылып жатыр.
Аталған тазалық шарасына 30-жуық мекемеден 350-ге тарта мекеме қызметкері, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.
Нәтижесінде 12 арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Аталған бағытта жұмыстар әлі де өз жалғасын табатын болады.