ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада аясында өткен жарыстарда Жетісу университетінің спортшы студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жеңіл атлетикадан қыздар арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіру сайысында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенті Аяна Болатбекқызы алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасындағы осы қашықтықта 3-курс студенті Айбол Омаров та бірінші орынды иеленіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Ақбаян Нұрмәмет 1500 метрлік жарыста үшінші орынды иеленіп, қола медальмен марапатталды.
Сондай-ақ, 4×100 метрлік эстафеталық жарыста Жетісу университетінің құрама командасы үшінші орын алып, Универсиада жүлдегерлері қатарынан көрінді. Команда құрамында Ақбаян Нұрмәмет, Аяна Болатбекқызы, Анель Нұрмұхамбет және Сания Құдайберген өнер көрсетті.
Спорттағы бұл жетістіктер – университеттің жан-жақты тұлға тәрбиелеу жолындағы табысты қадамдарының бірі. Алдағы уақытта да Жетісу университеті бұқаралық және кәсіби спортты қолдауды жалғастыра бермек.