Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға қолдау көрсетудің бұрын болмаған жолын ұсынды. Ресейдің Еуропадағы Орталық банкінің 140 миллиард еуро көлеміндегі бұғатталған активтері есебінен Киевке несие беру. Financial Times бетінде жарияланған мақалада Мерц бұл Еуропанің ерекшелігін атап көрсетті. Несие пайызсыз беріледі және тек Ресей Украинаға келтірген шығынды өтегеннен кейін ғана қайтарылуы тиіс. Осыған дейін Еуропалық комиссия бұл активтердің тек пайыздық табысын пайдалануды қолданып келген болса, енді негізгі соманы да іске қоспақшы.
Мерцтің айтуынша, Германия активтерді біржақты тәркілеуге сақтықпен қарағанымен, соғыс жағдайы мұндай салмақты шешімдер қабылдауды қажет екенін мойындап отыр. Еуропалық одақтың Копенгагенде өтетін бейресми саммитінде осы мәселе негізгі тақырыптардың біріне айналмақ. Бұл жерде ЕО елдері «құқықтық нормалар мен халықаралық ережелерді сақтап отырып», Украинаға берік қаржылық қолдау жасаудың жолын іздеді.
Ресейдің Еуропадағы орталық банктік активтері соғыс басталғалы бері бұғатталғаны белгілі. Бұл қаражат ресми түрде Ресейге тиесілі болғанымен, оны босату – халықаралық саясат пен соғыстың тағдырына байланысты. Еуропа бұған дейін осы қаражаттан түсетін табысты Украинаға арнап келген-ді. Бірақ уақыт өте келе бұл жеткіліксіз екені белгілі болды. Украинадағы соғыстың ұзаққа созылуы елдің қаржылық әрі әскери тұрақтылығын жаңа деңгейде қолдауды қажет етеді.
Германия канцлері осыны ашық айтып:
– Біз Украинаға ұзақ мерзімді қолдау жасауға дайынбыз. Оның қорғаныс қабілеттілігін бірнеше жылға жеткілікті ету үшін көлемді қаржыны жұмылдыруға тиіспіз, – деді Мерц.
Германияның бұл ұстанымы да кездейсоқ емес, себебі Берлин бүгінде Киевке ең ірі еуропалық донор саналады. Саяси элита үшін басты сұрақ – Еуропаның ортақ қазынасында бұғатталған ресейлік активтерді қалай да іске қосып, соғыс барысында Украинаға нақты қолдау көрсету.