Президент Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған Ермек Көшербаевты қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia.
Кездесуде Мемлекет басшысы жаңа министрге сыртқы саясаттың тепе-теңдігін сақтап, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту міндетін жүктеді.
Бұдан бөлек, Президент сыртқы саясаттағы экономикалық дипломатияны күшейтуге ерекше екпін берді.
«Қазақстанның ұлттық мүддесін халықаралық деңгейде батыл қорғау керек. Әсіресе инвестиция тартуға, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға басымдық беру қажет», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ Президент министрліктің жұмысы тек екіжақты ғана емес, көпжақты халықаралық алаңдарда да белсенді әрі нәтижелі болуы тиіс екенін атап өтті.
Бүгін таңертең ғана Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Ермек Көшербаев бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Ол әр жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарды, елші болды, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігі мен ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда істеді.
Тоқаевтың Жарлығымен осы күнге дейін сыртқы істер министрі болып келген Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі лауазымына ауысты.