Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония басшысы Алар Карис Астанада өткен қазақ-эстон бизнес-форумына қатысып, екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Ақорданың мәліметіне сәйкес, Тоқаев форум аясында Қазақстан мен Эстония іскер топтарының өзара байланысы нығайып, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыруға жол ашылатынын атап өтті.
Президент өз сөзінде қос мемлекет үшін тиімді болуы мүмкін көлік және логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа екпін беріп, эстон бизнесінің Қазақстан нарығына кіруі үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеді.
Айта кетерлігі, форум аясында екі ел кәсіпкерлері жалпы сомасы 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық келісімге қол қойды.
Оптимист Карис, прагматик Тоқаев: Астанадағы Балтық диалогының детальдары

