Биылғы жиын-терін науқаны ауылдағы еңбектің шынайы бағасын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, шаруалар өз жұмысын тоқтатпады, техника уақытында іске қосылып, астық көздеген межеден асып түсті. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала дизель отынын бөліп, техникалық қамтамасыз етуді күшейткенінің арқасында биылғы науқанды жүйелі түрде аяқтауға мүмкіндік туды. Айтпақшы, биыл майлы дақылдардың көлемі артып, егістікті әртараптандыру жұмыстары нақты нәтиже бере бастағанын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ertenmedia.kz сайты тілшілеріне әңгімелеп берді.
– Азат мыраза, бүгінде еліміздегі жиын-терін жұмыстары толық аяқталуға жақын қалды. Биылғы жиын-терін жұмыстары қалай өтті. Қанша астықты қамбаға бастырдық осыдан әңгімемізді бастасақ?
– Еліміздегі жиын терін жұмыстары аяталып, шаруалардың басым бөлігі өздерінің астықтарын қамбаға құйып алды. Жалып, биыл жиын-терін жұмыстары сәтті өтті деп айта аламыз. Егер сәтін салса биыл реккорддық астық жинайтын боламыз. Биыл шаруалар 12 млн гектардан астам жерге бидай сепкен шаруалар әр гектарынан орташа есеппен 16,5 центнерден астық жинағанын мақтанышпен айта аламын. Осы ретте айта кетуіміз керек елімізге қажетті мал азығымен келер жылға қажетті тұқымдық бидайдың тиісті мөлшері де жиналды.
Сол сияқты арпа мен сұлы бойынша 2,4 млн тонна қнім жиналып, қамбағы құйылды. Арпа мен сұлы негізінен мал азығы үшін қажет. Арпа мен сұлы толықтай орылды десек болады. Сол сияқты биыл шаруалар 130 мың гектар жерге жүгері еккен болатын. Бүгінгі күнге дейін егілген жүгерінің 74 пайызы жиналып, қамбағы құйылды. Қалғаны алдағы жақын күндері толықтай жиналатын болады. Әзірге 852 мың тонна жүгері жиналды. Жүгерінің жиын-теріне толықтай аяқталғанда оның көлемі 1 млн тоннадан асатыны анық.
– Бидай мен жүгері елімізде дәстүрлі түрде егіліп келе жатқан дақылдар екенін білеміз. Бірақ соңғы уақыттары егістік көлемін әртараптарындыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүрді. Осы жайында айта кетсеңіз.
– Дұрыс айтасыз, бұл бағытта да жұмыстар жүргізілді. Бүгінде шаруалар майлы дақылдардың көлемін арттыра бастаған болатын. Осылайша егістікті әртараптандырудың маңызы жете түсініп отыр.
Биыл еліміз бойынша 774 мың гектар жерге майлы дақылдар егіліп, еліміздің тарихында алғаш рет 1 млн тоннадан асатын өнім жиналғанын мақтанышпен айта аламыз. Осылайша егістікті әртараптандырудың арқасында шаруалар мол өнім алып, алдағы егу жұмыстарын жүргізу үшін қомақты қор жинағанын айта кетуіміз керек.
– Жиын-терін кезінде жанар-жағармай мәселесіне қатысты ешқандай мәселе туындаған жоқ па?
– Республика бойынша алғанда жиын-терін кезінде шаруаларды қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге қатысты мәселе туындаған жоқ. Тек бірлі-жарым өңірлердегі шаруаларды жанармайға қатысты арыздар түсті. Бұл мәселелер дер кезінде қаралып, мәселе оң бағытта шешілді. Биыл жиын-терін жұмыстары басталмай тұрып шаруаларға мемлекет тарапынан 400 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен таратылғанын айта кетуіміз керек. осының арқасында жанармай жетіспеушілігі орын алған жоқ.
Биылғы жиын-терін жұмыстарына 139 мың трактор, 31 мыңнан астам каомабиын қатысты. Осы ретте елімізде жиын-терін жұмыстарын сапалы жүргізетін Джондир секілді классы жоғары комбайындардың саны 4 мыңнан асқанын айта кетуіміз керек. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде осындай сапалы техникалардың көбеюіне өз үлесін қоса беретін болады.
– Келесі жылдағы егу жұмыстарына дайындық қалай? Басталды ма?
– Қазан айының басында көктемгі егу жұмыстарын сәтті жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан шаруаларға жеңілдетілген несиелер беріле бастағанын айта кетуіміз керек.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Айнұр НҰРЛАНҚЫЗЫ

