Иран бес күннен бері дүрлігіп жатыр. Ұлттық валютаның күрт құлдырауы мен азық-түліктің еселеп қымбаттауы наразылықтың негізі себебі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ресми дерек бойынша, желтоқсанда инфляция 42,5 пайыздан асып, азық-түлік бағасы былтырмен салыстырғанда шамамен 70 пайызға шарықтап кеткен. Reuters мәліметіне сәйкес, бір жыл ішінде Иран риалы долларға шаққанда екі есе құнсызданыпты.
Ел астанасы Тегеран мен тағы 36 қалада наразылық акциялары кемеліне келіп, арнасынан асып тұр.
Биліктің саясатына көңілі толмаған бизнес иелері сауда орындарының есігіне құлып салып, алаңда жүр. Кәсіпкерлердің ереуіліне студенттер де қосылыпты. Кейбір өңірлерде демонстранттар мемлекеттік ғимараттарды басып алып, полициямен қақтығысып жатыр дейді.
Германияның dpa агенттігі наразылықтың саяси сипат алғанын хабарлауда. Ашулы жүрт «Диктаторға өлім!», «Король жасасын!» деп ұрандатып жатқан көрінеді. Алғашқысы елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиге қарсы бағытталса, екіншісі Иранда Ислам революциясымен (1978–1979) құлатылған шах монархиясын қалпына келтіруді меңзейді.
Елдің солтүстік аймағында орналасқан бұрынғы президент Ибрахим Раисидің ескерткіші де қиратылған. Билік бірқатар елді-мекенде әскери жағдай енгізуге мәжбүр болған. Батыс басылымдарының мәліметінше алты адамн қаза тапқан, көпшілігі пәлцейлер.
Әзірде ғана Иран президенті Масуд Пезешкиан наразылық білдірушілермен диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, халықпен келіссөз арқылы ғана үкімет туындаған мәселелерді жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік алады.
Батыс? Билікке бағынышты басылымдар «тәртіпсіздік сыртқы күштердің арандатуымен жасалып жатыр» деп, халықты наразылыққа шықпауға үнеуде.
Айта кетейік, Пезешкиан желтоқсанның басында Астанаға ресми сапармен келген болатын. Ertenmedia осы сапардың егжей-тегжейіне үңілген еді. Парсылар біздегі бірнеше жобаға ақша құймақшы. Қазірдің өзінде Алматы облысында ірімшік өндіретін зауыт, ал Батыс Қазақстан облысында тері өңдейтін ірі кәсіпорын салынып жатыр.

