Бейжің АҚШ-тың Арктика аймағындағы мүдделерін алға жылжыту үшін Қытай мен Ресейді «қауіп-қатер» ретінде көрсетуіне қарсы шықты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Ал бұған дейін Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Исландияға сапары барды. Сол кезде ол АҚШ президенті Дональд Трампқа НАТО аясында Қытай мен Ресейдің Арктикадағы ықпалына бірлесіп қарсы тұруды ұсынған еді.
– Арктика бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ортақ мүддесіне қатысты аймақ. Қытайдың Арктикадағы қызметі өңірдің бейбітшілігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіледі, – деді Мао Нин неміс министрінің мәлімдемесіне жауап беріп.
Сонымен қатар, ол «АҚШ-тың өз мүдделерін алға жылжыту үшін Қытай мен Ресейді сылтау етіп пайдалануы бізге мүлде ұнамайды», – деп атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт АҚШ-тың Гренландияны қосып алу ниеті Ресей мен Қытайдың Арктикадағы ықпалын тежеуге бағытталғанын мәлімдеген болатын.
Алайда Financial Times басылымының жазуынша, Солтүстік Еуропа елдерінің дипломаттары Трамптың Гренландия маңында ресейлік және қытайлық кемелердің әрекет етіп жатқаны туралы мәлімдемелерін жоққа шығарды.
Басылымның дереккөздерінің айтуынша, соңғы жылдары Гренландия маңында Ресей немесе Қытай кемелері мен суасты қайықтарының ешбір әрекеті байқалмаған.
– Қытай мен Ресей кемелері сол жерде жүр деген сөз жалған. Мен барлау мәліметтерін көрдім. Ол жерде ешқандай кемелер де, суасты қайықтары да жоқ, – дейді жоғары лауазымды дипломаттардың бірі.
Айтпақшы, Ирандағы дағдарысты реттеу үішн Трамп пен Масктың құпия жоспар құрып жатқанын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

