Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көш бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мемлекеттік қызмет сапасы жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Осы ретте Finprom.kz аналитикалық порталы 2025 жылға арналған «Мемлекеттік қызметтер сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есепті» жариялады.
Мониторинг онлайн-сауалнама және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері негізінде жасалған. Өңірлер рейтингтегі жалпы орнын осы екі әдістің қорытынды көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні арқылы алды.
Нәтижесінде көш басында тұрған үштік:
Шығыс Қазақстан облысы – 4,95 ұпай, халықтың толық қанағаттану деңгейі – 94,6%;
Ақмола облысы – 4,94 ұпай, толық қанағаттану деңгейі – 94,1%;
Қостанай облысы – 4,94 ұпай, толық қанағаттану деңгейі – 94,0%.
Рейтингтің төменгі жағында Қызылорда облысы (4,84 ұпай, 79,8%), Астана қаласы (4,84 ұпай, 87,2%) және Жамбыл облысы (4,84 ұпай, 87,5%) орналасқан.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жеке көрсеткіштерде Қарағанды облысы (4,93 ұпай, 93,8%) бірінші орынды иеленді. Ақмола облысы (4,93 ұпай, 92,7%) екінші орында, ал Шығыс Қазақстан облысы (4,92 ұпай, 92,6%) үшінші орыннан көрінді.
Айтпақшы, Давос форуымындағы Тоқаев пен Трамптың қысқа ғана диалогы күтпеген детальдармен есте қалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

