Air Astana Алматыдан Шанхайға тікелей рейстерін іске қосады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы мен Шанхайды тікелей байланыстыратын алғашқы ұшақ 2026 жылдың 29 наурызында әуеге көтеріледі. Ұшақ аптасына үш рет қатынайды: сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Алматыдан шығып, дүйсенбі, сәрсенбі мен жұма күндері Шанхайдан қайтады.
Әуе компаниясының мәліметінше, Алматыдан ұшақ кешкі сағат 19:10-да ұшып шығып, Шанхайға жергілікті уақыт бойынша келесі күні таңғы сағат 04:25-те қонады. Қайтар бағыттағы рейс Шанхайдан таңғы 05:40-та көтеріліп, Алматыға сағат 10:15-те жетеді.
Екі жаққа эконом-кластағы билеттің ең төмен бағасы 281 312 теңгеден басталса, бизнес-кластағы орын құны 921 132 теңгеге бағаланып отыр.
Шанхай бағытының ашылуымен Қазақстан мен Қытай арасында аптасына қатынайтын рейс саны 81-ден 84-ке дейін артады. Айта кетейік, Air Astana бұған дейін Пекин, Гуанчжоу, Үрімжі және Санья қалаларына қатынап келген еді.
Бұған дейін Air Astana мен Boeing арасындағы алып альянс туралы егжей-тегжейлі жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

