Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысы бойынша «QazaqGaz Aimaq» АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісу облысындағы «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. БАҚ дерегінше, Айбек Ерғалиді облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстаған. Алайда оның нақты қандай іс бойынша күдікке ілінгені әзірге хабарланған жоқ.
ҰҚК баспасөз қызметі Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпаратты нақтылаған жоқ және жоққа да шығармады.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетсек, Айбек Ерғали 21 қаңтарда жұмыс орнында болып, газ бағасы мен төлемдерді есептеу тәртібіне қатысты брифинг өткізген еді.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ еліміздегі ең ірі газбен қамтамасыз етуші компаниялардың бірі. Компания газ тасымалдау, тарату және Қазақстан тұтынушыларына газ сату жұмыстарымен айналысатын «QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады.
Шымкентте мұғалім құқы жаппай бұзылып келгені анықталды. Мектеп басшылары бос орындарды әдейі жасырып, сабақ сағаттарын қолдағы ұстаздарға артығымен үлестіріп, олардың мойнына шамадан тыс жүк артқаны белгілі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

