Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов тілге байланысты баптың жаңа редакциясын таныстырды. Ол Конституциясының жаңартылған жобасында тіл мәселесіне қатысты маңызды өзгеріс орын алатынын жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұсынылып отырған өзгеріс бойынша, Конституцияның мемлекеттік тілге арналған 9-бабының бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал екінші тармақтағы «тең» сөзі «қатар» сөзімен ауыстырылмақ. Бұл тармақтың жаңа нұсқасы былайша тұжырымдалмақ: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады».
Қазіргі Конституцияда осы тармақ «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Конституциялық реформа барысында тілге қатысты дәл осы тұжырым қоғам арасында қызу талқыға түсті.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін ерекше назарда ұстайтын азаматтық қоғам белсенділері, тіл жанашырлары мен саясаткерлер бұл тармақты Конституциядан түбегейлі алып тастауды немесе оның мазмұнын түбегейлі өзгертуді талап еткен еді. Олар «тең» сөзінің болуы қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін айқындап, нығайтуға айтарлықтай кедергі келтіретінін алға тартты.
Ұсынылған өзгеріс көпшілік тарапынан қалай қабылданары әзірге белгісіз. Конституциялық комиссия мүшелері бұл редакция тілдік саясатты байыппен жүргізудің алғашқы қадамы екенін айтып отыр. Мәселе қоғамда әлі де жан-жақты талқыланбақ. Конституциялық реформаның тағдыры, сонымен қатар тілдік саясаттағы осы бір нәзік өзгерістің салдары қандай болатыны алдағы уақытта айқындалады.
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада атлеттердің қалтасын қампайтар керемет мүмкіндік болғалы тұр. Олимпиада жүлдегеріне берілетін сыйақы бойынша Қазақстан әлемдегі ең жомарт елдердің сапына кіріпті. Мемлекет алтынмен апталған медалді жүздеген мың долларға бағалап отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

