Алматыда гүл әкелген курьердің оғаш әрекеті жұрттың ашуын туғызып, қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиға ғашықтар күні 14 ақпанда болған. Кешқұрым тапсырыспен әкелінген ауыр себетті пәтеріне дейін көтерісіп кіргізген бейтаныс адам қызды аяқ астынан қорқынышты жағдайға душар еткен.
«Үйге кіре сала, ол кенеттен халатымнан ұстап тартып ашты. Сол сәтте кеудемнен ұстап, бетіме жымия қарап, «Әдемі екен» деді. Бір сәтте жүрегім тоқтап қалғандай болды. Екі қолым еріксіз дірілдеп, не айқайлай алмай, не қаша алмай, орнымда қатып қалдым», – деп жазды бойжеткен парақшасында.
Соққы алғандай күйде болған ол дереу есін жиып, бейтаныс адамды үйінен шығарып жіберген. Бірақ күйзелістен ұзақ уақыт шыға алмапты.
Кейін курьерге полицияға шағымданатынын айтып хабарлама жазғанында, ол дөрекі жауап қайтарып, «қолыңнан түк келмейді» деп сес көрсеткен. Артынша өзін ақтап, «түсініспеушілік» деп істі жылы жабуға тырысыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Менің бастан кешкенім әкімшілік іс емес, ауыр қылмыс. Ол адам заң алдында толық жауап беруі тиіс», – деп отыр жәбірленуші.
Алматы полициясы шағымның қабылданғанын, Бостандық аудандық басқармасында әкімшілік іс қозғалғанын растады. Курьердің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

