Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 21 ақпан күні дауылды ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран, көктайғақ болады. Солтүстік пен шығыста жауын-шашын қатты жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге, шығыс пен оңтүстікте кейде 23 м/с-қа дейін жетеді. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысында түнде қар жауып, боран болады. Солтүстігі мен шығысында қар қалың түседі, күндіз де боран мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қарағандыда күндіз қар жауып, боран соғады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, кей уақытта тұман түседі. Таразда күндіз ауа температурасы +6…+8°C аралығында болады.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Желдің екпіні солтүстікте 15-18 м/с болады. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі және шығысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы Мұғалжар ауданында түнде 15-18 м/с жетеді.
Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі ықтимал. Шығыс пен таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Талдықорғанда күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда қар қатты жауады. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Қонаев қаласында желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Астанада күндіз қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Жел түнде және күндіз шығыста 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында түнде көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады. Жел екпіні солтүстікте, оңтүстік пен батыста 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда күндіз қар жауып, боран соғып, жел екпіні 23 м/с жетеді.
Абай облысының батысы, оңтүстігі және орталығында қар жауып, боран мен көктайғақ болады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Желдің екпіні 15-28 м/с болады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қарлы боран
Қостанай облысында қар жауып, боран соғады. Оңтүстігі мен шығысында қар қалың түседі. Түнде жел екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді. Қостанай қаласында түнде және таңертең қар жауып, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, боран болады. Кей жерлерде қар қатты түседі. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. Көкшетауда күндіз қар жауып, боран соғады, жел екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Оралда қар жауып, көктайғақ болады, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Тұман мен көктайғақ күтіледі. Шымкентте қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауып, тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
«Қазгидромет» болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен соған байланысты атмосфералық фронттар сақталады. Осыған байланысты күн райы құбылмалы болады деп күтілуде.
Айтқандай, елімізде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артып, билік қосымша вакцинация мен бірқатар шектеулерді іске қосты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

