№1 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Аталған медициналық мекемеге жұмыс сапарымен AMANAT партиясының мүшелері – №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнәр Күлушева мен №1 көпсалалы қалалық аурухананың директоры Ербол Сәрсенбаев келді.
Спикерлер аурухана ұжымымен кездесу өткізіп, Конституция жобасында ұсынылған негізгі өзгерістер мен бастамаларды түсіндірді. Сонымен қатар Конституцияның елдің құқықтық жүйесінің іргетасы екендігі және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы басты бағыттарын анықтайтыны атап өтілді.
Жиын барысында әлеуметтік саясат, азаматтардың денсаулық сақтау құқығын қорғау және сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Медициналық қызметкерлер талқылауға белсенді қатысып, мамандардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек жағдайларын жақсарту және саланың алдағы даму бағыттары туралы өздерін мазалаған сұрақтарды қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ұжымның белсенділігі мен жоғары азаматтық ұстанымын көрсетті.
Осындай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымдарын нығайтуға септігін тигізеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

