Қазақстанда мектеп оқушыларының ең ұзақ демалысы жақындап келеді. Оқу-ағарту министрлігі бекіткен бұйрыққа сәйкес көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2025-2026 оқу жылының кестесі бойынша, үшінші тоқсан 8 қаңтарда басталып, 10 апта бойы жалғасқан еді. Енді мектеп оқушылары наурыздың 19-ынан бастап 11 күн бойы демалады. Бұл оқу жылындағы ең ұзақ демалыс кезеңі.
Оқушылар 30 наурызда қайта сабаққа оралып, төртінші тоқсанға кіріседі. Ол 8 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады.
Еске сала кетейік, ақпан айында бірінші сынып оқушылары қосымша демалыс алып, 9-15 ақпан аралығында бір апта тыныққан болатын.
Оның алдында біз наурыздағы демалыс күндеріне егжей-тегжейлі тоқталған едік. Мерекелік күндердің сенбі-жексенбіге сәйкес келуіне байланысты қазақтар айдың жартысына жуығын демалып өткізеді.
Айта кетелік, бұған дейін сала басшысы Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердің мәселесін май шаммен қарайтынын хабарлаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

