Бүгін Алматыда «Қазақстанның Жаңа Конституциясы – қоғамның топтастырушы әлеуеті» тақырыбында сарапшылардың талқылауы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шараны ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырды. Талқылауға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары және ғылыми қызметкерлер қатысты.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарованың айтуынша, жаңа Конституция тең құқық қағидатын бекітіп, еліміздің әртүрлілігіне құрметті күшейтеді.
«Жаңа Конституция әділдік, диалог және өзара түсіністік арқылы қоғамдық келісімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл құжат – қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау тәжірибесін ескеріп жасалған маңызды қадам», – деді сарапшы.
Филосoфия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері Наталья Сейтахметова зайырлылық қағидаттарының Конституцияда бекітілуіне ерекше тоқталды.
«Бұл – жаңа дәуірдегі smart-зайырлылық. Ол ар-ождан бостандығын, диалог мәдениеті мен төзімділікті нығайтады. Мұндай құндылықтық негіз әртүрлі көзқарастарды сақтай отырып, ел бірлігін қамтамасыз етеді», – деді ғалым.
Сарапшылар жаңа Конституция жобасының елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңыздылығына оң баға берді.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







