Бүгін Иран Израиль аумағына зымыран соққысын жасап, премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың кеңсесін нысанаға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) хабарлауынша, шабуыл Израиль үкімет басшысының кеңсесі мен Израиль Әуе күштерінің қолбасшысы Томэр Бар орналасқан стратегиялық әскери нысанға бағытталған. Осыған байланысты Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланбай отыр.
Батыстық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл шабуыл Нетаньяхуға бағытталған тікелей қауіп қана емес, Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің жаңа деңгейге көтерілгенін айтуда. Reuters агенттігінің мәліметінше, Тель-Авивтегі саяси және әскери басшылыққа жасалған бұл шабуыл Иранның Таяу Шығыстағы әскери стратегиясының елеулі түрде өзгергенін білдіруі мүмкін.
Премьер-министр Нетаньяхудың өзі нысанаға алынуы Иран тарапынан бұрын-соңды болмаған батыл қадам. Бұл жағдай Нетаньяхудың қауіпсіздігіне ғана емес, Израильдің жалпы қауіпсіздік саясатына елеулі түрде әсер ететіні анық.
Батыс елдері, әсіресе АҚШ пен Еуропа мемлекеттері, бұл әрекетті қатты айыптап, Нетаньяху мен Израиль басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдау білдіріп жатыр.
Қазіргі уақытта Израиль билігі премьер-министрдің нақты жағдайын ашық жарияламай, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуге кірскен.
Қазіргі таңда дипломатиялық келіссөздерге деген қажеттілік арта түсті. Сарапшылар Нетаньяхудың қауіпсіздігіне төнген қауіп жағдайында Израиль тарапынан қарымта жауаптың күшеюі ықтимал деп болжап отыр. Бұл, өз кезегінде, Таяу Шығыстағы тұрақсыздықты одан әрі өршітіп жіберуі мүмкін.
Иран төңірегіндегі шиеленіс күрт өршіп, тараптардың өзара соққыларынан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізіп, тараптарды сабырға шақырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







