Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурыздағы дауыс беру күні тіркелген мекенжайыңыздан тыс жерде болсаңыз, басқа учаскеде дауыс бере аласыз. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін тіркелген учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгінуіңіз керек. Өтінішпен бірге жеке куәлігіңізді ұсынуыңыз қажет. Осыдан кейін комиссия Сізге арнайы есептен шығару куәлігін табыстайды.
Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өзге адамға да алдыртуға болады. Бұл үшін сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалса немесе бүлінсе, қайта берілмейді. Сондай-ақ бір елді мекен ішіндегі басқа учаскеге ауысқанда куәлік берілмейтінін ескеріңіз.
Дауыс беру күні Сіз болатын жердегі кез келген учаскеге есептен шығару куәлігін көрсетіп, дауыс бере аласыз. Сол учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.
Қосымша сұрақтар бойынша өзіңіз тұратын елді мекеннің әкімдігіндегі call-орталыққа хабарласуға болады.
Әр азаматтың дауысы – ел болашағы үшін маңызды!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







