Қазақстанның басым өңірінде 5 наурыз күні ауа райы құбылмалы болады. Ел аумағында жауын-шашын түсіп, желдің екпіні күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.
Алматыда да ауа райы құбылмалы, қар аралас жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -1…+1°C, күндіз +6…+8°C болады.
Шымкентте жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 7-12 м/с, кейде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.
Ақтауда ауа райы ашық, жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы 5-10 м/с, температура түнде +1…+3°C, күндіз +7…+9°C.
Ақтөбеде күн бұлтты, қар жауады, жел 7-12 м/с. Температура түнде және күндіз -3…-5°C.
Атырауда ауа райы құбылмалы, қар аралас жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с, температура түнде +1…+3°C, күндіз +4…+6°C.
Жезқазғанда қар аралас жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы 6-11 м/с. Температура түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C аралығында.
Қарағандыда қар жауады, жел 9-14 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде -6…-8°C, күндіз -1…-3°C.
Көкшетауда қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде -3…-5°C, күндіз -1…+1°C.
Қонаевта қар аралас жаңбыр күтіледі, желдің екпіні 9-14 м/с, кейде 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
Қостанайда қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел 5-10 м/с, температура түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.
Екпінді жел соғады
Павлодарда қар жауып, желдің екпіні 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -7…-9°C, күндіз -1…+1°C.
Петропавлда қар жауып, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Температура түнде және күндіз -3…-5°C.
Семейде жауын-шашын болмайды, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C.
Талдықорғанда ауа райы ашық, жел жылдамдығы 6-11 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +2…+4°C.
Таразда қар аралас жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Түнде -1…+1°C, күндіз +3…+5°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, желдің екпіні 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C.
Оралда қар аралас жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -6…-8°C, күндіз 0…-2°C.
Өскеменде ауа райы жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C шамасында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







