Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың жұбайы Сара Нетаньяхуға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған куәгерлерді қорқыту және күйеуіне қатысты жемқорлық ісі бойынша тергеу жұмысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Израиль мемлекеттік прокуратурасы Сара Нетаньяхуға қарсы ресми тергеу басталғанын растады. Істі Израиль полициясы мен прокуратураның киберқылмысқа қарсы бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Бұл туралы Times of Israel басылымы хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, Сара Нетаньяху күйеуіне қатысты істе негізгі куәгерлердің біріне қысым көрсету үшін арнайы кампания ұйымдастырған болуы мүмкін. Атап айтқанда, журналистік зерттеу барысында оның Нетаньяхудың бұрынғы көмекшілерінің біріне Хадас Кляйнге қарсы наразылық акцияларын және әлеуметтік желілерде онлайн-науқан жүргізуді ұйымдастыруды тапсырғаны айтылған. Хадас Кляйн – премьер-министрге қатысты істе басты куәгерлердің бірі саналады.
Аталған тергеу Channel 12 телеарнасында жарияланған журналистік материалдан кейін басталған. Израильдің бас прокуроры Гали Бахарав-Миара 26 желтоқсанда ресми түрде тергеу жүргізуге нұсқау берген.
Сара Нетаньяхудың адвокаты бұл істі саяси қысым деп бағалап, тергеуді «саясиланған қуғын-сүргін» деп атады.
Ал Кнессет депутаты Наама Лазими бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, айыптаулардың өте ауыр екенін айтты.
– Премьер-министрдің жұбайы бұрын да сотталған адам. Қазіргі тергеу барысында оның сот жүйесіне қысым көрсетуге және негізгі куәгердің беделін түсіруге тырысқаны белгілі болды. Бұл – өте ауыр қылмыстар, ол үшін жауапкершілік болуы тиіс, – деді депутат.
Айта кетейік, Сара Нетаньяху 2019 жылы да сот алдында жауап берген. Ол премьер-министр резиденциясында штаттық аспаз бола тұра, мемлекет қаражатына шамамен 50 мың доллар көлемінде тамаққа тапсырыс бергені үшін кінәлі деп танылған.
Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келген. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болғанын тілшілеріміз анықтап, жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






