Қазақстанның бірнеше өңірінде 10-11 наурыз күндері күн күрт суытады. Кей аймақтарда түнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақмола облысында 10 наурыз, сейсенбі күні түнде ауа температурасы -15–20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде -25–30 градусқа дейін төмендейді. Ал сәрсенбіге қараған түні сынап бағанасы одан әрі төмендеп, облыс аумағында -22–27, шығысында -30 градус аяз болады. Көкшетау қаласында сейсенбі күні түнде -25–27 градус суық күтіледі.
Ақтөбе облысында сейсенбі түні -23–28 градус, солтүстік өңірлерінде -31 градусқа дейін аяз болады. Ақтөбе қаласында түнде ауа температурасы -23–25 градусқа дейін төмендейді.
Атырау облысында сейсенбіге қараған түні ауа температурасы -15–20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде -23 градус аяз күтіледі. Атырау қаласында сол түні -13–15 градус аяз болады деп болжанып отыр.
Қызылорда облысында сейсенбі түні -7–12 градус, оңтүстігінде -2 градус, ал батыс пен солтүстік аймақтарда -16–21 градус аяз тіркеледі. Сәрсенбіге қараған түні өңірде ауа температурасы одан әрі төмендеп, -10–15, батысы мен солтүстігінде -18–23 градусқа жетеді. Қызылорда қаласында сейсенбі түні -7–9 градус, сәрсенбі түні -12–14 градус суық күтіледі.
Павлодар облысында сейсенбі түні -7–12 градус, батыс пен солтүстігінде -15–20 градус аяз болады. Сәрсенбіге қараған түні суық күшейіп, өңірде ауа температурасы -25–30 градусқа дейін төмендейді. Павлодар қаласында сейсенбі түнінде -10–12 градус, ал сәрсенбі түні -26–28 градус аяз болжанып отыр.
Аяз күтілуде
Солтүстік Қазақстан облысында сейсенбі түні ауа температурасы -25–30 градус, батыс пен солтүстікте -33 градусқа дейін төмендейді. Петропавл қаласында сол түні ауа райы -28–30 градусқа дейін суытады.
Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбіге қараған түні -15–20 градус, оңтүстігінде -10 градус аяз күтілуде. Өскемен қаласында сол түні -15–17 градус аяз тіркеледі.
Жамбыл облысында сәрсенбі түні -7–12 градус, облыстың батыс, солтүстік және таулы аудандарында -15–20 градус аяз болжануда. Тараз қаласында сәрсенбіге қараған түні ауа температурасы -10–12 градусқа төмендейді.
Абай облысында сәрсенбі түнінде -20–25 градус, облыстың оңтүстігінде -10–15 градус аяз күтілуде. Семей қаласында ауа температурасы -20–22 градусқа дейін төмендейді.
Жетісу облысында сәрсенбіге қараған түні ауа температурасы -5–10 градус, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарда -15–20 градус аяз тіркеледі деп болжануда.
Мамандар тұрғындарға суық ауа райына дайын болуға кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







