Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кристина Сидиропулоның қатысуымен конституциялық реформаларды қолдауға арналған жиын өтті.
Кездесудің басты мақсаты жаңа Конституция жобасының маңызын тұрғындарға түсіндіру, елдегі саяси жаңғыру процестерінде этномәдени бірлестіктердің ықпалын арттыру, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.
Жиында конституциялық реформаның елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді сақтауға, жастардың саяси әрі азаматтық белсенділігін арттыруға беретін ықпалы талқыланды.
– Біз еліміздің саяси дамуында этностар арасындағы ынтымақтың сақталуы маңызды деп санаймыз. Бұл реформалар елдің алдағы даму бағытын айқындап, халықтың бірлігін одан әрі күшейтеді. Сондықтан референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымымызды көрсету әрқайсымыздың парызымыз, – деді Кристина Сидиропуло.
Отырысқа қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтынын айтып, 15 наурыз күні өтетін референдумға бір ауыздан қатысуға шақырды. Сондай-ақ, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ашық сұхбат алаңында пікір алмасты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







