АҚШ-тың Иранмен соғыстағы алғашқы алты күндік шығыны 11 миллиард доллардан асты, деп жазады Ertenmedia.kz.
The New York Times басылымының хабарлауынша, бұл туралы Пентагон өкілдері Конгреске арналған жабық брифингте мәлімдеген. Аталған сомаға Иранға қарсы соғысқа дайындық шығындары кірмеген, сондықтан нақты сома бұдан да көп болуы ықтимал.
Бұған дейін америкалық БАҚ алғашқы екі күннің өзінде ғана АҚШ әскерилері құны 5,6 миллиард долларды құрайтын оқ-дәрі қолданғанын жазған болатын. Ал CSIS талдау орталығы соғыстың алғашқы 100 сағатындағы шығынды 3,7 миллиард долларға бағалады.
12 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ-тың соғысқа жұмсаған жалпы шығыны 17 миллиард доллардан асқан. Қазір соғысқа шамамен күніне 1 миллиард доллар кетуде. Сарапшылар бұл сомаға ардагерлерді қамтамасыз ету сияқты ұзақ мерзімді шығындар әлі есептелмегенін атап өтті.
Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстан кейін Тегеранның ықпал ету аумағы кеңейіп, өңірдегі көптеген елдердегі оқиғаларға әсер етіп жатқанын тілшілеріміз талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







