12 наурызда Атырау гарнизонының әскери бөлімінде жоспарлы даладағы оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз оққа ұшты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, қайғылы оқиға қаруды абайсыз ұстау салдарынан орын алуы мүмкін.
– Жараланған сарбаз бірден ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, сарбаздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан жауынгердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына заң аясында барлық көмек пен қолдау көрсетіледі, – делінген ресми хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайы мен себептерін жан-жақты тексеру үшін Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссияны Қорғаныс министрінің орынбасары басқарады.
Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







