Бүгін Түркістан облысында республикалық референдумға қатысу деңгейі түстен кейін де жоғары қарқында жалғасып жатыр. Аймақтағы барлық дауыс беру учаскелерінде тұрғындар белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауларын жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Референдуммен қатар облыс аумағында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Көптеген учаскелер маңында азық-түлік және қолөнер жәрмеңкелері, көркемсурет көрмелері өтуде. Бұл іс-шаралар тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, референдумның ерекше мерекелік жағдайда өтуіне ықпал етіп отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26-сы – жабық учаскелер. Облыс халқының жалпы саны 2 млн 154 мың адам болса, оның 1 187 257 азаматы дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.
Сағат 16.00-дегі деректерге сәйкес, Түркістан облысы бойынша дауыс беру көрсеткіші 72,3%-ға жеткен. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындарының ел тағдырына бейжай қарамай, жоғары азаматтық белсенділік танытып жатқанын көрсетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







