Қазақстанда Конституцияға қатысты жалпыхалықтық референдум өтті. Референдумды ұйымдастыруға шамамен 20,8 млрд теңге жұмсалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа Конституция жобасы қабылданғаннан кейін енді бізді Құрылтайға (яғни Парламентке) жаңа сайлаулар күтіп тұр. Ал бұл дегеніміз тағы да қосымша шығындар деген сөз.
Қандай қаржы көлемі туралы әңгіме болуы мүмкін? Соңғы рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жақында ғана, 2023 жылы өткен еді. Сол кезде сайлау науқанына шамамен 33,4 млрд теңге жұмсалған болатын.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, енді өтетін жаңа парламенттік сайлауға да шамамен осындай қаржы немесе бұдан да көбірек қаражат бөлінуі мүмкін. Себебі, сайлауға дайындық шаралары, үгіт-насихат жұмыстары, сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы, бюллетеньдерді басып шығару мен сайлау комиссияларының жұмысына кететін шығындар айтарлықтай көп.
Сонымен қатар, инфляцияның және тауарлар мен қызметтердің қымбаттауын ескерсек, бұл сома бұрынғыдан да артуы мүмкін.
Жаңа сайлаулар бюджетке айтарлықтай ауыртпалық түсіруі мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан қаржыны тиімді пайдаланып, шығындарды барынша үнемдеу жолдарын қарастыру қажет болады. Мұның барлығы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне ешқандай кедергі болмауы тиіс.
Жалпы алғанда, жаңа парламент сайлауы демократиялық процестердің маңызды бөлігі. Бұл шара азаматтардың мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бірақ кез келген демократиялық процесс, оның ішінде сайлаулар да бюджетке қосымша қаржылық жүктеме түсіретіні анық.
Айтқандай, депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







