Бүгін Алматыда Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Фестиваль барысында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат: музей жәдігерлері мен этнодизайнның тоғысуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Шарада отандық және шетелдік дизайнерлердің этноколлекциялар шеруі, қолөнер шеберлерінің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көне технологияларды жаңғырту бойынша шеберлік сабақтары да өтті.
Жоба көшпелілер мәдениетін насихаттап, заманауи этнодизайнды дамытуға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Фестиваль музей жәдігерлері, ұлттық қолөнер және заманауи сән мен креативті индустрияны біріктірді.

Іс-шарада Дүниежүзілік қолөнер қалаларының (World Craft Cities) қатарына кіретін Тараз, Түркістан және Алматы қалаларының таныстырылымы ерекше назарға алынды.
Қонақтарға этнографиялық көрме, көне жәдігерлер мен заманауи суретшілердің инсталляциялары, киіз басу, керамика және зергерлік бұйымдарды дайындау әдістері көрсетілді.
Фестиваль аясында World Craft Council (WCC) сарапшыларымен кездесулер өткізіліп, Орталық Азия қолөнершілерін халықаралық нарыққа шығару бойынша маңызды стратегиялық келісімдерге қол қойылды.
Айтқандай, депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталғаны туралы хабар тарап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







