Қазақстанда 16 наурыздан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендияға құжаттарды қабылдау басталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өтініш беру мерзімі биылғы жылдың 16 қазанына дейін жалғасады. Ал үміткерлерді іріктеу конкурсы 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды eGov электронды үкімет порталы және Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесі арқылы өткізуге болады.
Осы жылы бағдарлама аясында жалпы саны 635 стипендия бөлінген. Оның ішінде бакалавриат бағдарламасына – 20, магистратураға – 400, докторантураға – 50 және ғылыми тағылымдамаларға – 165 стипендия қарастырылып отыр.
«Болашақ» стипендиясы – қазақстандықтардың шетелде білім алуына мүмкіндік беретін танымал халықаралық бағдарлама. Оның мақсаты – жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру.
Қазіргі уақытта электромобильдер кең таралғанымен, олардың өрт қауіпсіздігіне қатысты кейбір мәселелер бар. Әсіресе, электромобиль батареясының өртенуі қарапайым көліктерге қарағанда әлдеқайда көп суды қажет етеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







