Қазақстанда ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
ҚР Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрыққа қол қойылды.
Жаңа ережелер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем процесін жеңілдетуге және жүргізушілердің жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайтуға бағытталған.
Бұрын қолданыста болған ережеге сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар әкімшілік құқық бұзушылық ретінде көліктік бақылау органдарына жіберілетін еді.
Енді жаңа ережеге сай, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі.
Сондай-ақ, алғаш рет жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізіліп отыр. Заңды тұлға төлемді есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жолданады.
Бұл өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жолдарды пайдаланушыларға төлем жасауға қосымша уақыт береді.
Жаңа бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Электромобиль батареясының өртенуі қарапайым көліктерге қарағанда әлдеқайда көп суды қажет ететінін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







