Жағымсыз иіс адамның өзіне деген сенімділігін төмендетіп қана қоймай, айналасындағылармен қарым-қатынасқа да кері әсер етеді. Тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының денсаулығы дұрыс болса, бұл мәселені табиғи өнімдермен-ақ оңай шешуге болады, де жазады Ertenmedia.kz.
Шөптер мен дәмдеуіштер
Жағымсыз иіспен күресте петрушка, жалбыз, розмарин, кориандр, даршын, фенхель, қалампыр мен насыбайгүл сияқты шөптер мен дәмдеуіштер көмектеседі. Бұлардың табиғи эфир майлары бактерияларды жойып, тынысты сергітеді.
Цитрус жемістері
Апельсин, лимон, лайм сияқты жемістердің құрамындағы С дәрумені ауыз қуысын тазалап, иісті сергітеді. Жемістің орнына табиғи шырын ішуге де болады.
Пробиотиктер
Йогурт сияқты пробиотиктерге бай өнімдер ауыз қуысындағы жағымсыз иістің басты себебі болып табылатын анаэробты бактериялардың санын азайтады.
Көкөністер мен жемістер
Көкөністер мен жемістер құрамындағы жасұнық (клетчатка) ішекті тазартып, ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жеміс-жидектер сілекейдің көп бөлінуіне әсер етіп, ауыз қуысын табиғи түрде тазалайды.
Су
Ағзада сұйықтық жетіспесе, сілекей аз бөлінеді, бұл өз кезегінде бактериялардың көбеюіне әкеледі. Сол себепті күні бойы жеткілікті мөлшерде таза су ішу ауыз қуысын бактериялардан тазалап, жағымсыз иісті болдырмайды. Сонымен қатар, ауызды сумен шаюды да әдетке айналдырған жөн.
Эндокринолог Зухра Павлова айтуынша, ауыз қуысы инфекциялары мен асқазан-ішек жолдары ауруларынан басқа, тыныс жолдарының аурулары, бауыр жетіспеушілігі («балық» иісі тән) және бүйрек аурулары (аммиак немесе зәр иісі тән) сияқты денсаулық мәселелері де ауыз қуысында жағымсыз иіс тудыруы мүмкін.
Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







