Бүгіннен бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) басталды. Бұл жұмыстар еліміздің «Азаматтық қорғау туралы» заңы мен Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жоспарлы жөндеудің негізгі мақсаты жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің тұрақтылығын сақтау, сонымен қатар өндірістік тиімділікті арттыру.
ЖАЖ аясында зауыттағы 573-тен астам қысыммен жұмыс істейтін жабдық пен 170-тен аса технологиялық құбырға міндетті техникалық тексеру және сараптама жүргізу көзделген. Жөндеу жұмыстары кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптары ерекше бақылауда болады. Жалпы алғанда, іс-шараға 2035-тен астам адам мен 222 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.
Ең күрделі жұмыстардың қатарында ЭЛТҚ-АТ қондырғысының П-101/1-1,2 пешінің радиантты камерасының құбырларын ауыстыру, сол пештің күмбезшесінің қаптамасын күрделі жөндеуден өткізу, дизель отынын гидротазалау қондырғысының П-301/1,2 пешінің камералары мен құбырларын күрделі жөндеу және каталитикалық крекинг қондырғысының негізгі агрегаттарын жөндеу жұмыстары бар.
Жөндеу кезінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету үшін зауыт арнайы қор қалыптастырған. Қазіргі уақытта зауыттың резервуарларында автобензин – 29 450 тонна, дизель отыны – 22 900 тонна және авиакеросин – 10 530 тонна көлемінде жинақталған. Сондай-ақ бұл кезеңде Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерін штаттық режимде шығаруды жалғастыра береді.
Энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазір Қазақстанда мұнай өнімдерінің нарығы тұрақты. Елдегі АИ-92 бензинінің қоры 38 күндік, ал дизель отынының қоры 49 күндік тұтынуды қамтамасыз етуге жеткілікті.
Жоспар бойынша, Шымкент зауытында технологиялық қондырғылар 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап кезең-кезеңімен қайта іске қосылады.
Айта кетейік, алдыңғы жоспарлы жөндеу жұмыстары 2024 жылдың көктемінде жүргізілген болатын. Биылғы жұмыстар зауыт үшін маңызды кезең. Себебі осы жөндеуден кейін кәсіпорын кеңейтілген жөндеуаралық мерзімге өтеді. Бұл дегеніміз – келесі ауқымды жөндеу жұмыстары енді тек 2030 жылы жасалмақ. Ал 2028 жылы жекелеген қондырғылардың қысқа мерзімді ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Осының арқасында Шымкент мұнай өңдеу зауыты еліміздің ішкі нарығын мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт бойы тұрақты жұмыс істей алады.
Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







