Қазақстанда танымал блогер Ильяр Ювашевке мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есептер порталында шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Іздестіру ісі Астанада тіркелген. Істі қозғаған орган Қаржы мониторинг агенттігі, ал тергеуді елордалық экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Тергеу нұсқасына сәйкес, «Ильярчик» лақап атымен белгілі блогер 2024–2025 жылдары лицензиясыз жұмыс істеген интернет-казино желісін ұйымдастыруға және басқаруға қатысқан.

Әңгіме mellstroy.game ресурсын қоса қамтитын бірнеше платформаның жұмысы туралы болып отыр.
Агенттік мәліметінше, қаржы айналымын жасыру үшін 22 жалған компания тіркелген. Сонымен қатар POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылып, ойыншылардан 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен.
Қазір Ювашевке қатысты «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесу» күдігі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







