Италиядағы Парма маңындағы Маньяни-Рокка мұражайында болған ұрлық Еуропаның музей қауіпсіздігіне қатысты ескі сұрақты қайта көтерді. Ренуар, Сезанн және Матисс секілді алыптардың туындылары бірнеше минут ішінде қолды болып, өнер әлемін дүр сілкіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жергілікті мәліметтерге қарағанда, ұрлық 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні, Пармадан шамамен 20 шақырым жердегі Маньяни-Рокка қорында болған. Бетперде киген төрт адам ғимаратқа кіріп, бірінші қабаттағы залдардың бірінен үш картинаны алып шыққан. Тергеушілердің бағалауынша, бүкіл операция үш минутқа да жетпеген және алдын ала мұқият жоспарланған.
Қолды болған жұмыстардың қатарында Пьер Огюст Ренуардың “Les Poissons” (“Балықтар”), Поль Сезаннның “Still Life with Cherries” (“Шиемен натюрморт”) және Анри Матисстің “Odalisque on a Terrace” (“Террасадағы одалиска”) атты туындылары бар. Итальян және халықаралық басылымдар бұл еңбектердің құны бірнеше миллион емес, кей бағалауда ондаған миллион еуроға дейін жетуі мүмкін екенін жазып отыр.
Алғашқы деректерге қарағанда, ұрыларды дабыл жүйесінің іске қосылуы шошытқан болуы мүмкін. Сол себепті олар көздеген төртінші жұмысты алып үлгермей, музей ішінде тастап кеткен деген ақпарат тарады. Қазір полиция музейдің өзіндегі және маңайдағы нысандардың бейнебақылау жазбаларын зерттеп жатыр.
Бұл оқиға кездейсоқ ұрлыққа емес, нақты таңдалған нысанға жасалған кәсіби шабуылға көбірек ұқсайды. Себебі Маньяни-Рокка қоры жай ғана шағын жеке музей емес, Луиджи Маньянидің бай коллекциясын сақтайтын ірі мәдени орталық. Мұнда Дюрер, Рубенс, Ван Дейк, Гойя, Моне секілді шеберлердің жұмыстары да бар. Қор 1977 жылы құрылған.
Мұндай ұрлықтар өнер туындысының бағасынан бөлек, музей қауіпсіздігінің осал тұсын да ашып береді. Қарулы күзет, дабыл, камера бар жерде де үш минут ішінде әлемдік деңгейдегі жұмыстарды алып кетуге болатыны алаңдатады.
Сондықтан Парма маңындағы бұл оқиға енді жай ғана қылмыстық хроника емес, Еуропадағы жеке музейлердің қауіпсіздік стандартын қайта қарауға түрткі болатын үлкен дабылға айналып отыр.
Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







