Әнші Мөлдір Әуелбекова бұл жолы тыңдарманын жаңа жазбасымен елең еткізді. Өнер иесі шетелге барған сапарында жай қыдырып бармай, пәтер қарап жүргенін айтып, алдағы жоспарына қатысты ишара жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында Куала-Лумпурдан жазба жариялап, бұл сапардың өзіне ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Оның сөзінен қалаға да, ондағы ортаға да қызығушылығы анық байқалады. Ең бастысы Мөлдір Әуелбекова пәтер қарап жүргенін ашық жазып, тіпті бұйырса көшуі мүмкін екенін де жасырмады.
– Куала-Лумпур! Жайлы қаланың жұмсақ тұрғындарына біз, бізге олар тамсанды! Пәтер таңдап кеттік! Бұйырса көшеміз! Айтар жаңалығым көп! Мен елге келгенше концерттеріме билет алып, дайын отырыңыздар! Сырласамыз! – деп жазды әнші.
Бұл жазба желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Көпшілік Мөлдірдің шетелге не үшін қоныс аударуы мүмкін екенін талқылай бастады. Алайда әнші әзірге мұндай шешімнің нақты себебін ашып айтқан жоқ. Сол себепті оның бұл қадамы уақытша шығармашылық жоспар ма, әлде өміріндегі жаңа кезеңнің басы ма – ол жағы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
Өнер адамдарының өміріндегі осындай тосын қадамдар әрдайым қызығушылық тудырады. Әсіресе танымал әншінің шетелден пәтер іздеуі жай ғана сапар емес, үлкен өзгерістің белгісіндей көрінеді. Енді көпшілікті Мөлдір Әуелбекованың елге оралғаннан кейін айтатын нақты жаңалығы қызықтырып отыр.
Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасында журналист Жанар Байсейітоваға қатты сын айтты. Оның сынына себеп болған дүние – әйел тағдырын жеңіл сөздің, арзан әңгіменің, рейтинг қуған контенттің деңгейіне түсіріп жіберген сұхбат себепші болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







