Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің басшысы Данияр Мейрханға қатысты тексеру бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Министрліктің мәліметінше, тексеруге комитет қызметкерлерінің шағымдары негіз болған. Ведомствоға түскен барлық өтініш ресми тіркеліп, қазір жан-жақты қаралып жатыр.
«Барлық жағдайды объективті әрі толық анықтау үшін қажетті тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бұған дейін аталған лауазымды тұлғаға қатысты бірқатар мәлімет жарияланған еді. Қызметкерлер өз басшыларын «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды» және «жұмыс орнында қысым көрсетті» деп айыптаған. Жалпы, комитеттің 20-ға жуық қызметкері шағым түсіргені айтылып отыр.
Данияр Мейрхан ішкі істер саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал есірткі қылмысына қарсы күрес комитетін 2025 жылдан бастап басқарады. Қазіргі уақытта аталған іс қоғамның жіті назарында тұр. Министрлік тергеу қорытындысын ашық түрде жариялауға уәде беріп отыр.
Алматыда болған қайғылы жол апатының тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеке бақылауында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







