Қазақстанда 2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды. Осыған орай, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен барып, республикалық жедел штабтың отырысын өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жиынға орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Негізгі мәселе орман және дала өрттерінің алдын алу, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету.
Өрт қаупі жоғары кезең енді басталып жатса да, елдің бірқатар өңірлерінде өрт оқиғалары тіркелуде. Бұл әсіресе орман қоры мен табиғи қорықтар аумағына үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан Үкімет басшысы барлық өңірлерде өрттің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері республика бойынша жалпы аумағы 794 гектарды құрайтын 36 орман өрті болған.
Биылғы көктем мен жазда ауа температурасы әдеттегіден жоғары болады деген болжам бар. Осыған байланысты орман шаруашылықтарын техникалық жағынан нығайту және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары қолға алынған.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ел аумағында табиғи өртпен күресуге 50 мыңнан астам маман, 11 мың техника және 26 тікұшақ дайын тұрғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, шекаралас елдермен өзара әрекеттесу жоспары бекітіліп, өрт ошақтарын ерте анықтау үшін тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков өрт қауіптерін болжау үшін метеоспутниктік деректер негізінде арнайы ақпараттық жүйе іске қосылғанын айтты. Бұл жүйе өрт ошақтарын ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде өңір әкімдері аймақтардағы дайындық жұмыстары туралы баяндады. Әсіресе орман қорын қорғау үшін әуе патрульдеуі күшейтілген, мобильді топтар құрылып, жаңа бақылау мұнаралары орнатылып жатыр.
Премьер-министр жиын соңында орталық және жергілікті органдарға нақты тапсырмалар берді:
Табиғи өрттердің алдын алу шараларын күшейту;
Авиапатрульдеу қызметін тұрақты ұйымдастыру;
Елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында қорғаныс белдеулерін құру;
Ормандар мен далалық аумақтарды ерте анықтау жүйелерімен толық қамту;
Өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу.
Тапсырмалардың орындалуы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың бақылауына алынды.
Алматыда жалпы білім беретін мектептердегі бітіру кештеріне қатысты үлкен дау туындады. 30 жылдық тәжірибесі бар кәсіби қаржыгер, 11-сынып оқушысының анасы президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің қарапайым отбасыларға аса қымбат кешті мәжбүрлеп отырғанын ашық айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







