Қазақстанда қазір шамамен 13 млн адам табиғи газға қол жеткізіп отыр. Биыл елдегі газдандыру деңгейін 64,3 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Көрсеткіш былтырғы 62,4 пайыздан жоғары болуы керек, деп жазады Ertenmedia.kz.
Биыл газдандыру бағыты бойынша 40 жоба іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 10 елді мекендегі 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылмақ.
Жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарын қамтып отыр.
Онымен қатар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңі бойынша құрылыс жалғасуда. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізе алатын құбырдың желілік бөлігін аяқтау жоспарланған.
Алматы облысында газдандырудың ауқымды бағдарламасы жалғасып жатыр. Соңғы рет Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылына газ тартылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







