20 сәуірде Қазақстан аумағына жылы ауа массалары әсер етеді. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Соған қарамастан, күн райы толық тұрақтана қоймайды. Кей өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді, температура да құбылып тұрады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Солтүстік өңірлерде күндіз біршама жылиды, бірақ түн салқын болады. Күндіз ауа температурасы +14…+20 градусқа дейін көтерілсе, түнде +3…+8 градус шамасында сақталады. Қысқа мерзімді жаңбыр, екпінді жел және таңғы тұман болуы мүмкін.
Орталық аймақтарда көктемгі жайлы ауа райы орнайды. Күндіз +17…+23 градус, түнде +5…+9 градус күтіледі. Кей жерде қысқа мерзімді жауын-шашын түсіп, желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстанда салыстырмалы түрде салқындау күн райы сақталады. Күндіз +12…+18 градус, түнде +2…+7 градус болады. Жаңбыр жауады, таулы аумақта жаңбыр аралас қар түсуі мүмкін.
Батыс өңірлер елдегі ең жылы аймақтардың бірі болып қала береді. Мұнда ауа температурасы +22…+29 градусқа дейін көтеріледі. Алайда жаңбыр, найзағай және екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел күтіледі.
Оңтүстікте күн райы жазға жақындай түседі. Күндіз ауа температурасы +28…+35 градусқа дейін ысиды. Жауын-шашын болжанбайды.
Оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз +22…+28 градус, түнде +10…+15 градус болады. Тау бөктері мен таулы жерде жергілікті жаңбыр жаууы ықтимал.
Арман Дәулетяров балаларымен бірге Шотландияда өткізген студенттік каникул оның көңіліне ерекше ой салғанын айтып, ата-ана мен есейген ұрпақ арасындағы байланыс туралы толғанысын бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

