Қазақстанда камерамен тіркелген жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл әрдайым соңғы шешім бола бермейді. Кейбір жағдайларда ондай айыппұлды заңсыз деп тануға болады. Мұндай жағдайда айыппұлмен келіспеген жүргізуші оны заңды жолмен даулай алады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қандай жағдайда камерадан түскен айыппұл қате болуы мүмкін?
Автоматты түрде тіркеу құрылғылары кейде қателеседі. Мәселен, камерадағы техникалық ақаулар, дұрыс көрсетілмеген күн немесе уақыт, суреттің сапасыздығынан көлік нөмірінің немесе заң бұзушылықтың нақты анықталмауы себеп болады.
Сонымен қатар, камераның калибрленуі мен уақытылы тексерістен өтуі маңызды. Егер камера қажетті тексеруден өтпесе, оның берген деректері заңды күмән туғызады. Ауа райы да маңызды фактор. Қатты жаңбыр, тұман немесе қар кейде камераның деректерін бұрмалайды.
Кей жағдайда қате техникалық емес, рәсімдік сипатта болуы мүмкін. Мысалы, көлікті дұрыс анықтамау, «егіз» көліктердің мәселесі немесе көлікті сатқаннан кейін айыппұлдың келуі кездеседі. Сондай-ақ, бір заң бұзушылық үшін екі рет айыппұл салынуы немесе мәжбүрлі тоқтауды жүйенің ереже бұзу деп тіркеуі де жиі болады.
Егер сіз айыппұлмен келіспесеңіз, не істеу керек?
Алдымен айыппұл туралы қаулыны мұқият қарап шығыңыз: күні, орны, бұзушылық түрі, автокөлік деректері мен қосымша суреттерін тексеріңіз. Осыдан кейін дәлелдерді жинау маңызды: видеотіркегіш жазбасы, оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер, жол белгілерінің жоқтығы немесе куәгерлердің айғақтары.
Барлық дәлелдерді жинап, әкімшілік полиция бөліміне немесе сотқа шағым түсіріңіз. Шағымда айыппұлдың заңсыздығын нақты көрсетіп, барлық дәлелдерді тіркеңіз.
Шағым айыппұл туралы қаулы қолыңызға тигеннен кейін 10 күн ішінде берілуі тиіс. Бұл мерзім өте маңызды: уақыты өтіп кетсе, айыппұлды даулау мүмкіндігінен айырылып қалуыңыз ықтимал.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі еліміздегі авто мектептердің қызметін тексеру шараларын жүргізді. Еліміз бойынша жүргізушілерді даярлаумен айналысатын 727 авто мектеп тіркелген. Тексеру барысында олардың біразынан елеулі кемшіліктер анықталған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







