Қазақстандықтарға жеңіл ұшақтар мен аэростаттардағы экскурсиялық ұшуларға отырмас бұрын қауіпсіздік талаптарын мұқият тексеру ескертілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Азаматтық авиация комитеті соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шолу және экскурсиялық ұшулар туралы жарнама көбейгенін мәлімдеді. Комитет мұндай қызметті пайдаланбас бұрын ұйымдастырушының заңды жұмыс істейтініне және қауіпсіздік талаптарын сақтайтынына көз жеткізу қажет екенін ескертті.
Жолаушылар билет сатып аларда немесе ұшаққа отырар алдында бірнеше құжатты тексергені дұрыс. Атап айтқанда, ұйымдастырушыда Авиациялық әкімшілік берген қолданыстағы эксплуатант сертификаты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты, пилоттың тиісті санаттағы куәлігі және жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарты болуы керек.
Сонымен қатар ұшу алдында жолаушыларға міндетті түрде қауіпсіздік нұсқаулығы түсіндірілуі тиіс. Бұл – жай формалдық рәсім емес, төтенше жағдайда қалай әрекет ету керегін білу үшін қажет талап.
Комитет ауа райы қолайсыз кезде ұшудан бас тартуға кеңес береді. Әсіресе қатты жел, төмен бұлттылық және көріну деңгейінің нашарлауы жеңіл авиация үшін қауіпті болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, әдемі көрініс пен ерекше әсер қауіпсіздіктен жоғары тұрмауы керек. Экскурсиялық ұшу заңды, техникалық тексерістен өткен және кәсіби пилот жүргізген жағдайда ғана қауіпсіз демалыс түріне айналады
Қазақстанда депозит қарапайым жинақ құралы ғана емес, инфляциямен арпалысатын қорғаныс қалқаны. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырған шақта банктер салымшы үшін күресті күшейтуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







