Қазақстанда 12 мамыр күні ауа райы құбылып, бірқатар өңірде жел күшейеді. «Қазгидромет» болжамынша, елдің батысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталықтың кей аймақтарында түнгі үсік күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде -1…-3 градусқа дейін суытып, күндіз +13…+15 градус жылы болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12 градус, күндіз +14…+16 градус шамасында болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13 градус, күндіз +22…+24 градус жылы. Жел екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Ақтау мен Атырауда күн жылы болады. Ақтауда түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус, Атырауда түнде +15…+17, күндіз +26…+28 градус күтіледі.
Қарағанды мен Павлодарда түнде -1…-3 градусқа дейін суытады. Павлодарда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Петропавлда да жел қатты соғады. Түнде +2…+4 градус, күндіз +15…+17 градус болады. Семейде түнде 0…+2 градус, күндіз +12…+14 градус, Өскеменде түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус күтіледі.
Қызылордада күн ашық, түнде +8…+10 градус, күндіз +23…+25 градус жылы болады. Түркістанда түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус, Таразда түнде +9…+11, күндіз +18…+20 градус шамасында сақталады.
Синоптиктер жел күшейетін және түнгі үсік жүретін өңір тұрғындарына сақ болуды ескертеді. Ауыл шаруашылығымен айналысатындарға да дақылдарды қорғау шараларын алдын ала қарастырған жөн.
Қазақстанда кредит алу қиындап,халыққа берілетін несие бойынша орташа мөлшерлеме 20,9%-ға көтерілді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







