Украинада президенті Зенескийдің кеңсесін басқарған бұрынғы басшысы Андрей Ермакқа ірі көлемдегі жемқорлық ісі бойынша күдік келтірілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Украинаның Ұлттық антикоррупциялық бюросы мен Арнайы антикоррупциялық прокуратурасының мәліметінше, іс Киев маңындағы элиталық құрылыс жобасына қатысты. Тергеу нұсқасы бойынша, ұйымдасқан топ 460 млн гривнаны, яғни шамамен 10,5 млн долларды заңдастыруға қатысы болуы мүмкін.
Ермакқа Украина Қылмыстық кодексінің 209-бабы 3-бөлігі бойынша күдік жарияланған. Бұл бап қылмыстық жолмен алынған кірісті аса ірі көлемде немесе ұйымдасқан топ құрамында заңдастыруға қатысты. Егер айып дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.
Украина басылымдарының жазуынша, іс «Династия» кооперативі мен Киев маңындағы Козин елді мекеніндегі элиталық құрылысқа байланысты болуы мүмкін. Тергеу әрекеттері әлі жалғасып жатыр, ал құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын толық ашқан жоқ.
Андрей Ермак бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесін басқарған негізгі тұлғалардың бірі болған. 2025 жылғы 28 қарашада Зеленский оны коррупциялық дау аясында қызметінен босатқан еді.
Бұл іс Украина үшін саяси тұрғыдан да ауыр. Себебі соғыс жағдайында Киев Батыс көмегіне сүйеніп отыр, ал мұндай деңгейдегі жемқорлық күдігі халықаралық серіктестердің сеніміне әсер етуі мүмкін.
Сонымен қатар күдік тағу үкім шықты деген сөз емес. Ермактың кінәсі тек сотта дәлелденуі керек. Бірақ НАБУ мен САП-тың мұндай іске кірісуі Украинада жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты антикоррупциялық қысым күшейгенін көрсетеді.
Енді негізгі сұрақ тергеудің қай деңгейге дейін баратынында. Егер іс толық ашылса, Украина билігі үшін бұл ішкі саяси тазалық сынағына айналуы мүмкін. Ал егер процесс созылып кетсе, қоғамда «жоғарыдағы адамдарға заң жүре ме» деген күдік қайта күшейеді.
Threads желісінде пәтер сатылғаннан кейін Отбасы банктегі қарыз жабылып, қалған ақшаны шешу кезінде комиссия ұсталғаны туралы жазба қызу талқыланып жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







