Жалпы шенділердің идесы көп қой. Күнде бір дүниені ойлап табады. Ал оған халық қарайды деген мәселеге бас ауыртпайды. Немістердің шеділері де 2028 жылдың басынан бастап тәтті сусындарға арнайы салық енгізбекші, деп жазады Ertenmedia.kz.
Германия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «қант салығы» жыл сайын мемлекеттік бюджетке шамамен 450 млн еуро түсіреді. Бұл қаражат денсаулық сақтау жүйесіне инвестиция ретінде бағытталмақ.
Алайда жаңа шешім қоғамда пікірталас туғызды. Бір тарап мұны халық денсаулығын қорғауға арналған қажетті қадам деп санайды. Екінші тарап мемлекет азаматтардың тамақтану әдетіне тым көп араласып жатыр деген уәж айтады. Ал өндірушілер жаңа салық тұтынушы үшін бағаның өсуіне алып келетінін ескертуде.
Дәрігерлер мен диетологтар мұндай шараның пайдасы айқын екенін алға тартады. Байройт университетінің профессоры Петер Филипсборнның айтуынша, зерттеулер тәтті сусынға салынған салық олардың тұтынуын азайтатынын көрсетеді. Ал мұндай сусындарды жиі ішу артық салмақ, семіздік, диабет және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.
Профессордың пікірінше, бұл салық әсіресе табысы төмен тұрғындарға денсаулық тұрғысынан пайдалы болуы мүмкін. Себебі қантты көп тұтынуға байланысты аурулар дәл осы әлеуметтік топтар арасында жиірек кездеседі.
Соған қарамастан, өндірушілер жаңа салықтың нарыққа әсері ауыр болатынын айтады. Олар шығын көбейсе, сусын бағасы да қымбаттайтынын ескертеді. Бұл жағдайда тұтынушы тәтті сусыннан бас тартуы мүмкін немесе қымбат баға төлеуге мәжбүр болады.
Германияның бұл қадамы әлемде күшейіп келе жатқан денсаулыққа бағытталған салық саясатының бір бөлігі. Көп ел қантты сусындарды шектеу арқылы семіздік пен созылмалы аурулармен күресуге тырысып жатыр.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу айтарлықтай жеңілдеді. Бұдан былай бизнес өкілдері салық қарызын кепілсіз-ақ кейінге қалдырып немесе бөліп төлей алатынын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







