Жамбыл облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Нұржан Әжібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бейресми деректерде тараған ұстау туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Комитеттің ресми жауабында қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны ғана айтылған.
КНБ өзге мәлімет ұсынбады. Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, тергеу деректері жария етілмейтінін жеткізді.
Ресми расталмаған ақпарат бойынша, шенеунік пара алды деген күдікке ілінуі мүмкін. Алайда бұл дерекке қатысты құқық қорғау органдары әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






