Жамбыл облысында Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі әскери дрон аппараты құлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға Талас ауданы аумағында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған.
Министрлік апат салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ екенін хабарлады. Сондай-ақ тұрғындар мен инфрақұрылым объектілеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Алдын ала дерек бойынша, ұшқышсыз аппараттың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Қазір мамандар аппарат құлаған аумақты тексеріп, инциденттің себебін анықтап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







